Бейжіңде Қазақстан мен ҚХР-дың экономикалық бағдарламаларының үйлесімділігі талқыланды (ФОТО)

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайда өткізілген «Қазақстан бүгін және ертең» дөңгелек үстел жиынында ҚР Президентінің негізгі бастамалары («Қазақстан-2050» Стратегиясы, Ұлт жоспары, 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар күні деп жариялау, Қазақстан халқы Ассамблеясы), сондай-ақ «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» Жаңа экономикалық саясаты, Қытай тарапының «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы және «Жібек жолының мәдени белдеуі» талқыланды.

Шарада еліміздің атынан Қытайдағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев, Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Сұлтан Әкімбеков, атқарушы директордың орынбасары-ҚР Тұңғыш Президенті-Ұлт көшбасшысы қорының Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров, «Қоғамдық пікір» Зерттеу институтының басшылығы мен сарапшы-талдаушылары, сондай-ақ қазақстандық дипломатиялық ведомствосының Қытайдағы қызметкерлері болды.

Елші Қазақстан халқы Ассасблеясының қызметіне, оның ҚР халқының бейбітшілік пен рухани келісімді қамтамасыз етудегі рөліне тоқталып өтті. Дөңгелек үстелдің қатысушылары қытайлық тараптың ұсынып отырған «Бір белдеу, бір жол» құрылысы мен Қазақстанның «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаты бір-бірін толықтырып жатқанын, бұл өз кезегінде екіжақты ынтымақтастықты тереңдету үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отырғанын тұжырымдады.

Соңғы жаңалықтар