Бейжіңде халықаралық Жібек жолы академиясы құрылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыркүйек айының соңында Бейжіңде халықаралық Жібек жолы академиясы құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «G-GLOBAL» халықаралық хатшылығының жетекшісі Серік Нөгербеков Назарбаев Университетінде өтіп жатқан Жібек жолы халықаралық бірлескен инновациялар форумында мәлімдеді.

«Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы «G-GLOBAL» халықаралық хатшылығымен бірлесіп, екі жыл бұрын халықаралық Жібек жолы академиясын құру туралы бастама көтерді. Екі жылда үлкен ұйымдастырушылық жұмыс атқарылды. Бірлесіп күш салудың арқасында «Бір белдеу - бір жол» халықаралық жобасын жүзеге асырып жатқан 16 мемлекеттің ғалымдары бірігеді. Шамамен 25 қыркүйек күні Бейжіңде Еуразия экономикалық форумы аяқталған соң, құрылтай конференциясы өткізіледі. Онда біз - 16 мемлекеттің білім беру ұйымдарының өкілдері мен ғалымдары халықаралық Жібек жолы академиясында бас қосамыз», - деді С.Нөгербеков.

Оның айтуынша, «Бір белдеу - бір жол» халықаралық жобасын тиімді жүзеге асыру үшін экономист-ғалымдар мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының басшыларын біріктіреді. Биылдан бастап, Астана экономикалық форумы аясында Жібек жолы бірлескен инновациялар форумдары өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар