Бейжіңде G20 елдерінің энергетика министрлері кездеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -- 2016 жылғы 29 -30 маусым аралығында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Бейжіңде G20 елдерінің энергетика министрлерімен кездесуге қатысады.

G20 министрлері халықаралық энергетиканы дамыту перспективаларын, жаңартылған энергия көздерін, ағымдағы саясат мәселелерін, үздік практикалар мен іс-әрекеттерді, сондай-ақ қаржыландыру тетіктері мен энергияға қолжетімділік жағдайын жақсарту үшін бизнес-модельді қарайды.

Елдер 2030 жылға арналған орнықты даму саласындағы БҰҰ мақсаттарының талаптарына сәйкес барлығы үшін қолжетімді, сенімді, орнықты және жаңа энергия қамтамасыз ету үшін күш біріктіруге өз әзірліктерін мәлімдеді.

G20 қатысушы елдер мен Азия Тынық мұхит өңірі елдерінің кездесуі барысында энергияға қолжетімділік мәселесінде жағдайды жақсарту үшін ұсынымдар беріледі (әр елдің нақты сұраныстары мен ерекше жағдайларын толықтай сақтай отырып, ерікті қаржылай қолдау, халықтың қатысуы, орталықсыздандырылған энергетикалық жүйе, әлеуетті арттыру, өңірлік біріккен жүйе, үйлестірілген елдік қолдау және инновациялық бизнес-модельдер).

Министр G20 энергетика министрлері  мен орнықты экономика бойынша G20 жұмыс тобының  кездесуі энергетикалық мәселелерді талқылау үшін өте маңызды платформа болып табылады деп санайды және G20 энергетика министрлері мен G20 жұмыс тобының  тұрақты кездесулері әлемдік энергетика күн тәртібін іске асыру, міндеттемелерді орындау және ортақ проблемаларды шешу мәселесінде шешуші болып табылады. 

Сондай-ақ министрлер орнықты энергетикалық қауіпсіздіктің қажеттілігіне және аварияға қарсы шаралар мен энергия көздерін әртараптандыру мәселелері бойынша ынтымақтастық пен диалог арқылы энергетикалық қауіпсіздікті арттыру және күшейтуге жалпы ықыластылыққа баса назар аударуда.

Кездесу қорытындысы бойынша Ханчжоуда G20 Саммитінде ұсынылған G20 елдерінің энергетика министрлерінің кездесу мәлімдемесінің жаңа жобасына қол қояды.

Соңғы жаңалықтар