Бейжіңде «Ел жүрегі - Астана» атты баскетбол турнирі өткізілді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігі «Ел жүрегі - Астана» баскетбол турнирін өткізді, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. 

Жарысқа 4 команда қатысты. Қырыққа жуық спортшының қатарында - қазақстандық дипломаттар мен ұлттық компаниялардың өкілдері болды. Турниге қатысушылар алдында Қазақстанның ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев сөз сөйлеп сәттілік тіледі.

Турнирдің ең нәтижелі ойыншысы Бауыржан Жапаров, үздік доп қағып алушы- Тимур Мәліков, үшұпайлы доп салудан үздік - Нұрлан Байжанов танылды. «Үздік доп бермеуші» Рустам Тупий атанды.

«Егемендік тұсындағы 20 жылда Астанамыз саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда ғана танылып қоймай, спорт бағыытнда да көзге түсті. Осындай шаралар Отанымыздан шалғайдағы біздерге Астананың 20 жылдығын сезінуге мүмкіндік береді. Елорданың мерейтойы - бұл барша қазақстандықтар үшін өте маңызды оқиға», - деді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында Б.Жапаров.

Еске сала кетсек, 2017 жылы 27 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Назарбаев бекіткен «Ел жүрегі - Астана» Қазақстан астанасының 20 жылдығын атап өту жөніндегі тұжырымдамасы түрлі қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруды қарастырады.

«Ел жүрегі - Астана» аясында ҚХР-дағы Қазақстан елшілігі ақпан айында теннис турнирін, наурызда футбол чемпионатын ұйымдастырды. 

Автор: Садық Әкіжанов

Соңғы жаңалықтар