Бейжіңде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің арнайы жұмыс тобының және Аға лауазымды тұлғалар комитетінің отырысы өтеді

None
None
анның 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазанның 27-29-ы аралығында Бейжің қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің арнайы жұмыс тобының және Аға лауазымды тұлғалар комитетінің отырысы өтеді.

Бұл туралы бүгін дәстүрлі апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

 Баспасөз хатшысының сөзіне қарағанда, аталған отырысқа АӨІСШК-ға 20 мүше-мемлекеттердің өкілдері қатыспақ. Бас қосу барысында АӨІСШК конвенциясының артықшылықтары мен иммунитеттері жөніндегі жобасын одан әрі әзірлеу жоспарлануда. Сондай-ақ аталған кеңеске мүше-мемлекеттердің энергетика, ақпараттық қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастығы жөніндегі тұжырымдамалары мен жоспарлары қарастырылады. Мұнымен қоса Азия құрлығындағы қауіпсіздікті сенімді нығайтуға бағытталған әскери-саяси, экономика, экология салаларындағы шаралар талқыланбақ.

Соңғы жаңалықтар