Бейжіңде АӨСШК Үкіметтік емес форумы ашылды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжіңде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары бойынша кеңестің (АӨСШК) Үкіметтік емес форумының бірінші жыл сайынғы конференциясы өз жұмысын бастады.

Шараға бас орталықтар, масс-медиа, үкіметтік емес ұйымдардың 270-тен астам өкілі, сондай-ақ дипломаттар мен қатысушы елдердің жоғары өкілетті саясаткерлері, АӨЫСШК мен аймақтан тыс мемлекеттердің байқаушылары қатысуда. Мысалы, форумның құрметті қонақтарының арасында Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзай, Израильдің бұрынғы премьері Эхуд Барак, Пәкістан елінің бұрынғы премьер-министрі Раджа Первез Ашраф, Камбоджа (Нородом Сиривуд), Иран (Әлиәкбар Валаяти), Қырғызстан (Мұратбек Иманәлиев), Түркия (Ясар Якис) елдерінің бұрынғы Сыртқы істер министрлері мен басқа да саясаткерлер болды.

Форумның ашылу салтанатында Қытай Халықтық саяси кеңес беру кеңесінің төрағасы Юй Чжэншэн сөз сөйлесе, оның орынбасары Чэнь Юань қатысушыларға ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемдесу хатын оқып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, АӨСШК Үкіметтік емес форумын өткізу бастамасын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары бойынша кеңестің 4-ші саммиті барысында (2014 жылғы мамыр, Шанхай) ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ұсынған болатын. Сол жолы бұл ұйымға 2014-2016 жылдары төрағалық ету мәртебесі Қытай еліне берілген.

Соңғы жаңалықтар