Бейжіңде алдағы нөсерлерге байланысты қауіптің сары деңгейі жарияланды
Болжамға сәйкес, Бейжіңде нөсер жексенбі кешке басталып, келесі сейсенбіге дейін жалғаспақ. Метеорологтардың бағалауынша, алдағы екі күн ішінде қытайлық мегаполисте 60-100 мм жауын-шашын жауады, алайда жекелеген аудандарда бұл көрсеткіш 300 мм-ге дейін жетуі мүмкін.
Жексенбі күні Бейжіңде және оның айналасында көптеген туристік нысандар жабылды. Олардың ішінде Ұлы Қытай қорғанының бірқатар учаскелері бар.
Бейжіңнің 16 ауданының 15-інде жылжып келе жатқан нөсерлерге байланысты қауіптің сары деңгейі енгізілді, синоптиктердің болжауы бойынша, нөсермен қоса, бұл күндері 7-ден 9 балға дейін екпінді жел соғады.
Жексенбі күні ҚХР-дың метеорологиялық басқармасы келе жатқан нөсерлер мен дауылдарға байланысты Солтүстік Қытайдың басқа да бірқатар өңірлерінде төтенше әсер етудің төртінші деңгейін жариялады.
ҚХР-да табиғи апаттарды ескертудің төрт деңгейлі жүйесі енгізілген. Жүйе бойынша қауіптің өсуі көк, сары, қызғылт сары және қызыл деген реттілікпен беріліп отырады.