Бейжіңде Ахмет Байтұрсынұлы мен Роза Бағланованың құрметіне естелік конверт шықты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасында екі мерейтойға - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған естелік конверттердің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Конверттердің бірінде көрнекті ағартушы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы, екіншісінде аты аңызға айналған әнші Роза Бағланова бейнеленген.

Жиын барысында өскелең ұрпақ өкілдеріне лекция ұйымдастырылып, онда реформатор-ғалым, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі туралы айтылды.

Шара концерттік бағдарламаға ұласты. Қонақтар мен жас көрермендерге Аққу биі ерекше ұнады.


Соңғы жаңалықтар