Бейжіңде 4,3 балдық жер сілкінісі болды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 12 ақпан күні Астана уақытымен 16:31-де ҚХР солтүстік-шығысындағы Хэбэй провинциясының Ланфан округінің Юнцин уезінде Рихтер шкаласы бойынша 4,3 балдық магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

Қытай сейсмологиялық станциялар орталығының мәліметтері бойынша жерасты дүмпулерінің эпицентрі 39,37 градус солтүстік ендік, 116,67 градус шығыс бойлыққа тура келген. Ал ошағы 20 км тереңдікте болған.

Жер сілкінісі Бейжіңде, Тяньцзинде, сондай-ақ Хэбэй провинциясындағы елді мекендерде сезілді.

Соңғы жаңалықтар