Бейжіңде 1 млн адамға COVID-19 қарсы вакцинаның алғашқы дозасы егілді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжіңнің бір миллионнан астам тұрғынына COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның алғашқы дозасы егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі денсаулық сақтау істері жөніндегі мугниципалдық комиссияға сілтеме жасап.

Бейжің билігі ел астанасы тұрғындарының бір бөлігіне коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын егуді алдағы жұмаға қарай аяқтайтыны күтіліп отыр.

Коронавирус бойынша қауіпті топтарға кеден қызметкерлері, экспедиторлар мен жүк тасушылар, сондай-ақ шетелдік және ішкі тасымал секторында қызмет етуде жұмылдырылған адамдар жатқызылды.

Бейжіңде коронавирусқа қарсы вакцина егу процесін ағымдағы жылдың 12 ақпанында басталатын Қытайдағы Жаңа жыл мерекесіне қарай аяқтау шамаланып отыр.

Еске сала кетейік, Қытай тұрғындарын СOVID-19 вирусына қарсы вакцинациялау өткен жылдың 15 желтоқсанында басталды.


Соңғы жаңалықтар