Бейжің Олимпиадасында ту ұстап шығатын спортшыларымыздың киімі қалай тігілді
2022 жылғы 27 қаңтар 02:24

Бейжің Олимпиадасында ту ұстап шығатын спортшыларымыздың киімі қалай тігілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық олимпиада комитеті биылғы Бейжің олимпиадасында көк байрақты ұстап шығатын спортшылардың киімі қалай тігілгені жайлы видео жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әрбір детальда Отанымыздың бір бөлшегі жатыр. Бейжің Олимпиадасындағы ту ұстаушыларымыздың костюмі - нағыз өнер туындысы! Әрбір элементті шеберлер қолмен істеді. Ал бұған шабыт берген аңыз. Жуырда Екатерина Аидова мен Абзал Әжіғалиев Бейжің-2022 ашылу салтанатында еліміздің туын алып шығады» деп жазды комитет Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық олимпиада комитеті 2022 жылғы Бейжің ойындарына арналған Қазақстан командасының формасын көпшілік назарына ұсынған еді.

Бүгінде Қытай астанасы Бейжің қаласында өтетін XXIV Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың толық құрамы белгілі болды.

Ақ Олимпиадада ел намысын 34 спортшы қорғайды. Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадаға 87 жолдама жеңіп алды.

Олимпиада ойындары 4 ақпан күні басталып, 16 ақпанда мәресіне жетеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл ойындарға әлемнің 95 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысады. Онда 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT