Бейжің олимпиадасында әлі қанша медаль ойнатылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаһан жұрты асыға күткен Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының аяқталуына төрт-ақ күн қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы Бейжің Олимпиадасында 109 медаль жиынтығы сарапқа салынып жатыр. Қазірге дейін сол 109 медаль жиынтығының 86-сы өз иелерін тауып үлгерді. Енді 23 медальдар жиынтығы ғана қалды.

Олимпиада ойындарында казақ спортшыларынан жанкүйерлер спорттың шорт-трек, шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы сияқты түрлерінен жүлде күткен болатын. Өкінішке қарай аталған спорт түрлерінің ішінен тек шорт-трекшілеріміз ғана ең ірі жетістігін тіркеді. Бірақ, медаль емес, медальға жақын 4-орын.

Енді, Бейжің Олимпиадасының қалған 23 медальдар жиынтығынан бір жүлде бұйыра ма, жоқ па алдағы уақыттың еншісінде. Қалай айтсақ та қазақ спортшыларына медальдің ауылы алыстап бара жатқандай.

Әзірге ең көп алтын медаль Норвегия құрамасының еншісінде. Ол 13 алтынмен жалпы медальдар кестесінде көш бастап тұр. Ары қарай Германия 10 алтын, АҚШ 8 алтын, Қытай 7 алтын медальға қол жеткізген.

Ал Австрия, Нидерланды, Швеция 6 алтыннан еншілесе, Швейцария 5 алтын, Ресей мен Франция 4 алтын медальдан жеңіп алған. Канада құрамасында 3 алтын бар.

Италия, Жапония, Оңтүстік Корея, Словения құрамалврының қоржынында 2 алтыннан бар.

Австралия, Финляндия, Жаңа Зеландия, Венгрия, Чех Республикасы және Словакия елдері бір-бір алтын медальға қол жеткізді.

Осылайша 109 медальдар жиынтығының 86-сы бітіп, енді 23 медальдар жиынтығы қалды.


Соңғы жаңалықтар