Бейжің миллиардерлер саны жағынан Нью-Йоркті артқа тастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Нью-Йоркті онда тұратын долларлық миллиардерлер саны жағынан артта қалдырды.

Бұдан басқа, жыл сайын әлемдегі миллиардерлер саны туралы баяндама жасайтын шанхайлық Hurun компаниясының мәліметтерінше, Бейжің ең дәулетті адамдардың жаңа әлемдік астанасы атанды.

Бұл қаладағы миллиардерлердің саны жыл ішінде 95-тен 100 адамға дейін өскен.

Зерттеуге сәйкес, жалпы алғанда әлемде қазір дәулеті 1 млрд. доллардан асатын 2188 адам тұратыны, соның ішінде 47-сі - 40 жастан кіші.

Қытайдан мен АҚШ-тан басқа, көшбасшылар үштігіне Үндістан кіріп отыр, деп жазады Би-би-си.

Соңғы жаңалықтар