Бейжің маңында жер сілкінді: Пойыздар тоқтап қалды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Бейжің уақытымен 6 сағат 38 минутта Таншань қаласының маңында (Хэбэй провинциясы) Қытай астанасынан 150 шақырым қашықтықта 5,1 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Қытай сейсмологиялық желілер орталығына (CENC) сілтеме жасап.

Жер дүмпуінің ошағы - 39,78 с.е. 118,44 ш.б. Тереңдігі 10 шақырым. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Қытай теміржол министрлігінің тапсырмасына сәйкес, жолаушылар пойызының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы өңір арқылы өтетін пойыздар уақытша тоқтатылды. Теміржол инфрақұрылымын кешенді тексеру ұйымдастырылды.

Таншань қаласындағы 5,1 балл жер сілкінісінен кейін Хэбэй провинциясымен көршілес Тяньцзинь қаласында 17 мәрте жерасты дүмпуі тіркелген, деп хабарлайды Тяньцзинь сейсмология басқармасы Жер сілкінісін бақылау және болжау орталығы.

Тяньцзинь қаласының билігі жергілікті тұрғындарды үрейленбеуге шақырып, Таншань қаласы ауданында сеймикалық белсенділік қалыпты деңгейде екенін атап өтті.


Авторы: Руслан Сүлейменов

Соңғы жаңалықтар