Бейжің маңында тікұшақ апатқа ұшырап, екі ұшқыш мерт болды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай астанасының маңында тікұшақ апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты. Оқиға сәрсенбі, 6 шілдеде болған. Бұл туралы бейсенбі күні Солтүстік Қытай азаматтық авиация басқармасының мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Bell 505 тікұшағы Бейжің қаласының маңында ұшып бара жатып апатқа ұшыраған. Борттағы екі ұшқыш қаза тапқан. Ұшу құрылғысы айтарлықтай зақымдалған. Тікұшақ жерге құлағанда ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта арнайы құрылған топ тікұшақтың неден құлағанын анықтап жатыр.


Фото: thenortheastaffairs.com
Соңғы жаңалықтар