Бейжің маңында газ жарылысынан екі адам көз жұмып, 20-сы жарақат алды
2022 жылғы 24 маусым 17:04

Бейжің маңында газ жарылысынан екі адам көз жұмып, 20-сы жарақат алды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Жұма күні Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясының Санхэ қаласында сұйытылған газ баллондарының жарылуы кезінде екі адам қаза тауып, тағы 20 адам жарақат алды, деп хабарлады ҚазАқпарат меншікті тілшісі муниципалитеттің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.

Төтенше оқиға жұма күні таңертең Қытай астанасы Бейжің қаласының маңында орналасқан Санхэ қаласының сауда көшелерінің бірінде болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, сұйытылған газы бар баллондар жарылған. Жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 20 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.

Қазіргі уақытта апат болған жерде іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Апаттың мән-жайы мен себептері анықталуда.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT