Бейжің қысқы Олимпиадасы: Құрылыс жұмыстары биыл қазанда аяқталады

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай билігі Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарының құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың қазан айында аяқтауды көздеп отыр. Бұл туралы Бейжің қалалық кеңауқымды жобалар басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Қазір Бейжіңде «Құс ұясы» ұлттық стадионының құрылысы жүріп жатыр. Онда Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанаты өтеді.

Жалпы саны 57 қысқы олимпиада жобаларының бүгінде 53-нің құрылысы аяқталды. Ал қалған 4 жоба, оның ішінде «Құс ұясы» стадионы да бар алдағы айларда пайдалануға берілуі тиіс.

Қысқы Олимпиадаға арналған спорт нысандары Бейжің қаласының үш кластерінде орналасқан. Атап айтқанда, Қытай елордасының орталығында, Чжанцзякоу (Солтүстік Қытай, Хэбэй провинциясы) және Бейжіңнің солтүстік-батыс уезінің астанасы Яньцинде жайғасқан.

Бейжіңнің орталық стадионында Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, хоккей, керлинг және коньки спорты өтеді. Яньцин уезінде тау шаңғы спорты, бобслей, шана спорты және скетелон өтпек. Ал Чжанцзякоу қаласында шаңғы тебу, шаңғымен трамплиннен секіру, биатлон, фристайл және сноуборд спорт түрін өткізу жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, Бейжіңде XXIV қысқы Олимпиада 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында өтеді.

Авторы Руслан Сүлейменов

Соңғы жаңалықтар