Бейжің ауруханасындағы өрттен 21 адам қаза тапты

Фото:
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжің ауруханасындағы өрттен қаза тапқандар саны 21-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытай орталық телеарнасының (CCTV) хабарлауынша, өрт 18 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00 шамасында Қытай астанасының батысындағы Бейжің Чанфэн ауруханасының стационарлық бөлімшесінің шығыс қанатынан шыққан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті 30 минут ішінде сөндірді. 2 сағаттан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары толығымен аяқталды.

71 науқас эвакуацияланған. Қазір 21 адамның қайтыс болғаны белгілі.


Соңғы жаңалықтар