Бейжің Аспанасты елінің астанасында Эболаны жұқтыру оқиғасын жоққа шығарды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасының денсаулық сақтау органдары бейсенбі күні жақында Бейжіңде Эбола індетін жұқтырудың бірінші оқиғасы туралы тараған алып-қашпа әңгімені жоққа шығарды, деп хабарлайды «Global Times».

Бейжіңнің кейбір тұрғындарының олардың қаласында соңы өлімге соқтыратын індетке шалдыққандардың бар екені туралы алып-қашпа әңгіме Бейжіңнің денсаулық сақтау және отбасын жоспарлау бойынша қалалық комиссиясының ауруханалар, әуежайлар және басқа ұйымдарға Эбола анықталған кездегі шұғыл шаралар жоспарын даярлаудан кейін пайда болды.

«Бұл қарапайым ғана тәжірибе, жоспар биылғы жылдың 19 қаңтарында әзірленді. Ол әуежайлар, теміржол вокзалдары және басқа да өткізу пунктерінде Эбола індетін жұқтырған науқастарды анықтау кезіндегі әрекеттердің түрлі сценарийлерін көздейді», - деп жазады басылым Бейжіңнің аурудың алдын алу және бақылау орталығындағы қызметкерлерінің бірінің сөзін келтіріп.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі кезде әлемнің 9 еліндегі 22495 адам Эбола індетіне ұшырап, соның 8981-і көз жұмған.

Соңғы жаңалықтар