Бейжің-2022: Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаева бірінші ірктеуді сәтті бастады

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында бүгін Фристайл-акробатикасынан алғашқы іріктеу сындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі аталған сында әйелдер арасынан қазақстандық Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаева жарыс алаңына шықты.

Нәтижесінде алғашқы іріктеудің қорытындысы бойынша Жанбота Алдабергенова 80,56 ұпай еншілеп, 12-ші орынға тұрақтаса, Ақмаржан Қалмырзаеваның 70,86 нәтижесімен 19-шы орынға табан тіреді.

Бұл көрсеткіш екі отандасымызды да екінші ріктеу кезеңінде сынға түсуге мүмкіндік береді. Ал бірінші іріктеуде алғашқы алтылыққа енген спортшылар бірден тікелей финалға өтті.


Соңғы жаңалықтар