Бейжің-2022: Ракпаров Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжің Олимпиадасында ерлер арасында шаңғы қоссайысынан үздіктер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаңғы қоссайысының екінші кезеңінде, гундерсен жүйесі бойынша (10 шақырым) сынға түскен отандасымыз Шыңғыс Ракпаров мәре сызығын жеңімпаздан 7:35,2 есебімен ұтылып, 43-ші болып мәреге жетті.

Гундерсен жүйесі бойынша қудалау жарысы. 10 км. Ерлер

Жарыс қорытындысы:

1. Йорген Нюланд Гробак (Норвегия) – 27:13,3

2. Йенс Лурос Офтебру (Норвегия) +0,4

3. Акито Ватабе (Жапония) +0,6

...43. Шыңғыс Рақпаров (Қазақстан) +7:35,2

Естеріңізге сала кетейік, жарыстың бірінші бөлігінде (К-125 үлкен трамплинмен секіру) Шыңғыс Рақпаров 69,6 ұпай (111,5 м) жинап, 38-ші орынға ие болған.

Бұл Рақпаровтың Бейжің Олимпиадасындағы соңғы мүмкіндігі болатын. Алайда жүлделі орындарға қол жеткізе алмады.


Соңғы жаңалықтар