Бейжің-2022: Олимпиаданың соңғы күні Қазақстан намысын кімдер қорғайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжің қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының соңғы күні спорттың 1 түрінен 3 қазақстандық сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтсақ, ертең яғни 20 ақпанда Олимпиада ойындарының соңғы күні шаңғы жарысынан әйелдер арасында 30 шақырымға масс-старт жарысы өтеді.

20 ақпан күнгі жарыс кестесі:

Шаңғы жарысы

Өтетін уақыты - 12:30

Спорт түрі - шаңғыдан 30 шақырымдық масс-старт.

Еркін жүріс. Әйелдер.

Ангелина Шурыга, Ирина Быкова, Надежда Степашкина

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ерлер арасында шаңғы жарысынан 50 шақырымдық масс-старт Чжанцзякоу қаласында ауа райының күрт нашарлауына байланысты 50 шақырымнан 30 шақырымға қысқартылған болатын. Ертең бүгінгідей ауа райы болса әйелдер арасындағы жарыстарға да өзгеріс енуі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар