Бейжің-2022: Олимпиадада енді қанша жүлде жиынтығы қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаһан жұрты асыға күткен Бейжіңдегі Олимпиада ойындары да бел ортасынан ауып, жабылу мәресіне де жақындап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы Бейжің Олимпиадасында 109 медаль жиынтығы сарапқа салынып жатыр. Қазірге дейін сол 109 медаль жыиынтығының 72-сі өз иелерін тауып үлгерді. Енді 37 медаль жиынтығы ғана қалды.

Әзірге ең көп алтын медаль Норвегия құрамасының еншісінде. Ол 9 алтынмен жалпы медальдар кестесінде көш бастап тұр. Ары қарай Германия 8 алтын, АҚШ 7 алтын, Австрия, Қытай Нидерланды 6 алтыннан алған. Швеция мен Швейцария 5 алтыннан, Ресей Олимпиада комитеті 4, Франция 3 алтын медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ, Италия, Жапония, Словения құрамаларының қоржынында 2 алтыннан бар.

Канада, Оңтүстік Корея, Австралия, Финландия, Жаңа Зеландия, Венгрия, Чех Республикасы және Словакия елдері бір-бір алтын медальға қол жеткізді.

Әзірге Қазақстан қоржыны бос.


Соңғы жаңалықтар