Бейжің-2022 Олимпиада ойындарына арналған нысандар дайын болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқа Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізуге арналған барлық 12 жарыс нысанының құрылысы аяқталды.

Сонымен қатар аталған нысандар Лозаннада өткен Халықаралық олимпиада комитеті Атқарушы комитетінің отырысында халықаралық федерациялар тарапынан бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, үш Олимпиада қалашығы, басты медиа орталық, ұлттық стадион және жарысқа өтетін өзге де нысандар пайдалануға берілген. Спорттың мұз үстінде өтетін түрлеріне арналған нысандарда мұз құю, «Ойын бет-бейнесі» жоспарын әзірлеу жұмыстары аяқталған. Тексеру жүргізіліп жатқанына қарамастан Бейжің, Яньцин және Чжанцзякоуда өтіп жатқан тестік іс-шаралар мен жаттығулар барысында нысандардың барлығы жетілдіріле түсуде. Өткен қазан айында ғана конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек сынды спорт түрлерінен халықаралық жарыстар ұйымдастырылған. Қараша мен желтоқсан айларында шана спортынан, фристайл мен сноубордтан халықаралық жарыстар өтеді. Сонымен қатар хоккейден тестік жарыс ұйымдастырылады.

Айта кетерлігі 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында, ал Паралимпиада ойындары 4-13 наурыз аралығында өтеді.


Соңғы жаңалықтар