Бейжің-2022: Норвегия құрамасы 9 алтынмен көш бастап келеді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарының бүгін 11-ші күні арта қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейжің Олимпиадасында сарапқа салынатын 109 медальдар жиынтығының 69-ы өз иелерін тауып үлгерді. Жалпы сарапқа салынатын медальдардың көбісі кетіп азы қалды. Олимпиада ойындары да енді санаулы күнде мәресіне жетеді.

Бүгін де жалпы медальдар кестесінде Норвегия құрамасы 9 алтын, 5 күміс, 7 қола (21) медальмен көш басында келеді. Екінші орында Германия құрамасы тұр. Олардың еншісінде 8 алтын, 5 күміс, 2 қола (15) медаль бар. Ал үздік үшінші орынды 7 алтын, 6 күміс, 3 қола (16) медальмен АҚШ құрамасы түйіндеп тұр.

Медаль көрсеткішімен үздік ондықта тұрған елдер:

1. Норвегия - 9 алтын, 5 күміс, 7 қола

2. Германия - 8 алтын, 5 күміс, 2 қола

3. АҚШ - 7 алтын, 6 күміс, 3 қола

4. Нидерланд - 6 алтын, 4 күміс, 2 қола

5. Австрия - 5 алтын, 6 күміс, 4 қола

6. Швеция - 5 алтын, 3 күміс, 3 қола

7. Қытай - 5 алтын, 3 күміс, 2 қола

8. Ресей - 4 алтын, 6 күміс, 8 қола

9. Франция - 3 алтын, 6 күміс, 2 қола

10. Швейцария - 3 алтын, 0 күміс, 5 қола

Айта кетейік, дәл бүгінге дейін Олимпиада медаліне қол жеткізген елдер қатары 26-ға жетті. Оның ішінде 21 мемлекеттің қоржынында алтын медаль болса, 23 мемлекетте күміс жүлде бар. Сондай-ақ, Бельгия, Латвия және Польша елдерінің қоржындарында бір-бір қола медальдан бар.

Өкінішке қарай, Қазақстан қоржыны әзірге бос.


Соңғы жаңалықтар