Бейжің-2022: Норвегия алтын медальдар саны бойынша көшбасында

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжіңде өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында бүгін Норвегия құрамасы алтын медальдар санын 14-ке жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Норвегия осыдан тура төрт жыл бұрын Пхенчхан қаласында өткен Олимпиада ойындарында 14 алтын медальмен жалпы командалық есепте топ жарған болатын. Сол жетістігіне бүгін, яғни 17 ақпанда, Олимпида ойындары аяқталмай тұрып қол жеткізіп отыр. Алдағы уақытта алтын медальдар санын тағы да ұлғайтуы бек мүмкін. Себебі, алда әлі екі күн бар.

Көшбасшының қоржынында әзірге 14 алтын, 7 күміс, 8 қола (29) медаль бар. Екінші орында тұрған Германия құрамасының еншісінде 10 алтын, 7 күміс, 5 қола (22) медаль бар. Ал үздік үшінші орынды тұрған АҚШ-тің қоржынында 8 алтын, 8 күміс, 5 қола (21) медаль бар.

Медаль көрсеткішімен үздік ондықта тұрған елдер:

1. Норвегия - 14 алтын, 7 күміс, 8 қола

2. Германия - 10 алтын, 7 күміс, 5 қола

3. АҚШ - 8 алтын, 8 күміс, 5 қола

4. Швеция - 7 алтын, 4 күміс, 4 қола

5. Қытай - 4 алтын, 4 күміс, 2 қола

6. Австрия - 6 алтын, 7 күміс, 4 қола

7. Нидерланд - 6 алтын, 5 күміс, 4 қола

8. Швейцария - 6 алтын, 1 күміс, 5 қола

9. Ресей - 5 алтын, 9 күміс, 12 қола

10. Франция - 4 алтын, 7 күміс, 2 қола

Айта кетейік, дәл бүгінге дейін Олимпиада медаліне қол жеткізген елдер қатары 28-ге жетті. Оның ішінде 21 мемлекеттің қоржынында алтын медаль болса, 24 мемлекетте күміс жүлде бар. Сондай-ақ, Бельгия, Латвия Польша және Эстония елдерінің қоржындарында бір-бір қола медальдан бар.

Өкінішке қарай, Қазақстан қоржыны әзірге бос тұр.


Соңғы жаңалықтар