Бейжің-2022: Медальдар кестесінде көшбасшылар алмасты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындары күн өткен сайын қыза түсуде. Жалпы медальдар кестесі сәт санап өзгеруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиада ойындары ресми ашылған 4 ақпаннан бері жалпы медальдар кестесінде көш бастап келе жатқан Норвегия бүгін 1-орыннан 6-орынға сырғыды.

Кеше ғана, яғни 6 ақпанның қорытындысында екінші орынға жайғасқан Швеция бүгін 3 алтын медальмен жеке дара көш басына шықты. Осыдан бір күн бұрын екінші орында тұрған ресейліктер бүгін де сол биіктерінен құлаған жоқ. Олардың еншісінде 2 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль бар.

Үздік үштікті 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған Нидерланд құрамасы түйіндеп тұр.

Үздік ондыққа еніп отырған мемлекеттер:

1. Швеция - 3 алтын

2. Ресей - 2 алтын, 3 күміс, 2 қола

3. Нидерланд - 2 алтын, 2 күміс, 1 қола

4. Қытай - 2 алтын, 2 күміс

5. Германия - 2 алтын, 1 күміс

6. Норвегия - 2 алтын, 2 қола

7. Словения - 2 алтын, 1 қола

8. Италия - 1 алтын, 3 күміс, 1 қола

9. Канада - 1 алтын, 1 күміс, 4 қола

10. Жапония - 1 алтын, 1 күміс, 2 қола.

Айта кетейік, дәл бүгінге дейін жалпы 19 мемлекеттің спортшылары Бейжің Олимпиадасының медалін жеңіп алып, мерейі үстеп болды.

Өкінішке қарай қазақстандық спортшылардан әлі ешкім жүлделі орындарға қол жеткізе алған жоқ.


Соңғы жаңалықтар