Бейжің-2022: Қысқы Паралимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжің-2022 XIII Қысқы Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан Ұлттық құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық Паралимпиада комитеті мәлім еткендей, Бейжіңде өтетін паралимпиада ойындарына Қазақстаннан бес спортшы барады.

Олар - Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин және Денис Петренко.

Қазақстанның паралимпиадалық спортшылары екі спорт түрі бойынша: шаңғы жарысы және биатлоннан сынға түседі.

Алдын ала жоспар бойынша, XIII қысқы Паралимпиада ойындары 2022 жылдың 4-13 наурызы аралығында Бейжіңде өтеді. Ойындарға 50 елден 736 спортшы қатысады деп күтілуде.

Спортшылар қар спорты (тау шаңғысы, шаңғы жарысы, биатлон және сноуборд) және мұздағы спорт (шанамен хоккей және мүгедектер арбасында керлинг) бойынша екі категория бойынша алты спорт түрінен 78 түрлі жарысқа қатысады.


Соңғы жаңалықтар