Бейжің-2022: Қазақстандық шаңғышы мәрені 43-ші болып кесіп өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжің Олимпиадасында ерлер арасында тау шаңғысынан жарыстар басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған сында ел намысын Захар Кучин қорғады. Ол жарыс қорытындысы бойынша мәре сызығын 1:03,68 көрсеткішімен 43-ші болып кесті. Қазақстандық аталған жарыс түрінен бірінші орынға ие болған австриялық Йоханнес Штрольцтан 9.76 минутқа кешігіп келді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Кучин тау шаңғысынан алып слалом бойынша бірінші кезеңде мәреге жете алмай жарыс жолынан шығып қалған болатын. Бұл оның Бейжің Олимпиадасындағы соңғы жарысы.

Енді, екінші іріктеу кезеңі Нұр-Сұлтан уақытымен 11:45-те басталады.

Айта кетесек, аталған Ақ Олимпиада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр. Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда мәресіне жетеді.


Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Соңғы жаңалықтар