Бейжің-2022: Қазақстандық паралимпиадашылар жарысты 5 наурызда бастайды
2022 жылғы 28 ақпан 02:00

Бейжің-2022: Қазақстандық паралимпиадашылар жарысты 5 наурызда бастайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бейжің–2022 қысқы паралимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын параспортшылар жарыстарын 5 наурызда бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейжіңде өтетін 2022 жылғы Қысқы паралимпиада ойындары ресми түрде 4 наурызда басталады. Аталған төртжылдық додада ел атынан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев спорттың екі түрінен сынға түседі.

Ел спортшылары алғашқы жарыстарын 5 наурыз күні бастайды. Нақтырақ айтсақ, 5 наурызда парабиатлоннан Сергей Усольцев пен Александр Герлиц бірінші болып жарыс алаңына шығады. Сонымен қатар, парашаңғы жарысынан Ербол Хамитов пен Денис Петренко жарыстарын жалғастырады.

Айта кетейік, Бейжің-2022 паралимпиадасында көк туды шаңғы спорты түрінен әлем кубогінің қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шығады.

Паралимпиада ойындары 4 наурызда басталып, 13 наурызда мәресіне жетеді.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT