Бейжің-2022: Қазақстандық конькишілердің жарысын қайдан көруге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Олимпия ойындарында қазақстандық спортшылардың бүгінгі, яғни 18 ақпандағы жарыстарын «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін қазақстандық спортшылар тек бір спорт түрінен, атап айтсақ 1000 метр қашықтықта конькимен жүгіруден сынға түседі.

Тікелей эфир уақыты:

«Qazaqstan» арнасы: 14:30

14:30 Конькимен жүгіру спорты

Ерлер

1000 метр. финал

Дмитрий Морозов, Денис Кузин

Естеріңізге сала кетейік, кеше әйелдер арасында тура осы қашықтықта Қазақстан намысын Надежда Морозова мен Екатерина Айдова қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша Надежда Морозова 1000 метрді 1:15,69- секундта бағындырып, Олимпиада ойындарын 11-орынмен аяқтады. Ал Екатерина Айдова аталған қашықтықты 1:16,70 уақыт көрсеткішімен жүгіріп өтіп, жалпы есепте 19-орыннан көрінді.

Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр.

Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.


Соңғы жаңалықтар