Бейжің-2022: Қазақстан спортшыларының 16 ақпандағы жарыс кестесі

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында ертең, яғни 16 ақпанда қазақстандық атлеттер үш спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтсақ, Тау шаңғысы, Шаңғы жарысы және шорт-тректен спортшыларымыз ел намысын қорғайды.

16 ақпандағы жарыс кестесі

Тау шаңғысы

8:15 Слалом. Ерлер. Бірінші мүмкіндік

11:45 Слалом. Ерлер. Екінші мүмкіндік

Шаңғы жарысы

13:15 Командалық спринт. Жартылай финал. Әйелдер/Ерлер. Классикалық стиль

15:15 Командалық спринт. Финал. Әйелдер/Ерлер. Классикалық стиль

Шорт-трек

Әйелдер:

17:30 1500 м. Ширек финал

18:15 1500 м. Жартылай финал

18:44 1500 м. Финал.

Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр.

Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.

Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда мәресіне жетеді.


Соңғы жаңалықтар