Бейжің-2022: Қазақстан спортшылары 17 ақпанда бір спорт түрінен сынға түседі

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында ертең, яғни 17 ақпанда қазақстандық атлеттер бір спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтсақ, ертең Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы конькимен жүгіру спортынан сынға түседі.

17 ақпандағы жарыс кестесі

Конькимен жүгіру спорты

14:30 1000 м. Әйелдер

Надежда Морозова, Екатерина Айдова

Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр.

Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.

Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда мәресіне жетеді.


Соңғы жаңалықтар