Бейжің-2022: Фристайлдан қазақстандық атлет фниалға өте алмады

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында бүгін Фристайл-акробатикасынан ерлер арасындағы іріктеу сындары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өкінішке қарай, аталған додада ел намысын қорғаған 18 жастағы отандасымыз Шерзод Хаширбаев екінші ірікеу сайысында жарыстың финалдық кезеңіне өте алмады. Ол екінші мүмкіндігінде трамплиннен секіріп, қайта жерге түсу сәтінде тепе-теңдігін сақтай алмай құлап қалды. Нәтижесінде төрешілер 69,23 ғана ұпай берді. Осылайша ол финалға өте алмады.

Естеріңізге сала кетейік, Хаширбаев бірінші іріктеу кезеңінде 109,74 ұпай екінші іріктеу кезеңіне жолдама алған болатын.

Фристайлдің акробатика түрінен финал ертең, 16 ақпанда қазақстандықтардың қатысуынсыз өтеді.

Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр.

Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда мәресіне жетеді.


Соңғы жаңалықтар