Бейжің-2022: Фристайл-акробатикасынан Хаширбаев екінші іріктеуге өтті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында бүгін Фристайл-акробатикасынан ерлер арасында алғашқы іріктеу сындары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі аталған бәсекеде ерлер арасынан қазақстандық Шерзод Хаширбаев жарыс алаңына шықты.

Ол бірінші іріктеу кезеңінде 109,74 ұпай еншіледі. Алайда бұл көрсеткіш оны бірінші финалға тікелей жолдама беретін үздік 6 спортшының қатарына енуге аздық етті. Бірақ, отандасымыз екінші іріктеу кезеңінде тағы бір сынға түсуге мүмкіндік алды.

Енді санаулы уақыттан кейін екінші іріктеу кезеңіне қатысады.

Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр.

Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда мәресіне жетеді.


Соңғы жаңалықтар