Бейжің-2022: Бүгін шығатын қазақстандық спортшылардың өнерін қай арнадан көруге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Олимпия ойындарында қазақстандық спортшылардың бүгінгі, яғни 17 ақпандағы жарыстарын «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық телеарналардың тікелей эфир уақыты:

«Qazaqstan» арнасы:

14:30 Конькимен жүгіру.

1000 м. Әйелдер - Екатерина Айдова

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары Бейжің орталығы, Яньцинь және Чжанцзякоу секілді үш аймақта өтіп жатыр.

Бейжіңде керлинг, хоккей, конькимен жүгіру спорты, ерлер мен әйелдер арасындағы сноубординг, шаңғы фристайлындағы биг-эйр бәсекелеріннен жарыстар өтіп жатса, Бейжің маңында орналасқан Яньциньде шаңғы, бобслей, скелетон және шана спортынан спортшылар сынға түсуде.

Ал Хэбэй провинциясында орналасқан Чжанцзякоу қаласында сноубординг, шаңғы спортының барлық түрі және биатлон жарыстары өтуде.

Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда мәресіне жетеді.


Соңғы жаңалықтар