Бейжің-2022: «Бір күнде 3 алтын» алған Норвегия жеке дара көш бастады

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында бүгін Норвегия құрамасы бір күнде 3 алтын медаль жеңіп алып, жеке дара көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін жалпы медальдар кестесінде өзгерістер көп болды. Норвегия құрамасы бір күнде үш алтын, екі күміске қол жеткізіп, жүлде қорын байыта түсті. Олардың еншісінде қазір 12 алтын, 7 күміс, 7 қола (26) бар.

Екінші орында тұрған Германия құрамасы да бүгін қоржынын тағы бір алтынмен толықтырды. Олардың еншісінде 9 алтын, 6 күміс, 3 қола (18) медаль бар. Ал үздік үшінші орынды 7 алтын, 6 күміс, 4 қола (17) медальмен АҚШ құрамасы түйіндеп тұр. Бүгін олардың қоржыны тек бір қола медальмен толықты.

Медаль көрсеткішімен үздік ондықта тұрған елдер:

1. Норвегия - 12 алтын, 7 күміс, 7 қола

2. Германия - 9 алтын, 6 күміс, 3 қола

3. АҚШ - 7 алтын, 6 күміс, 4 қола

4. Австрия - 6 алтын, 6 күміс, 4 қола

5. Нидерланд - 6 алтын, 4 күміс, 3 қола

6. Қытай - 6 алтын, 4 күміс, 2 қола

7. Швеция - 5 алтын, 3 күміс, 3 қола

8. Швейцария - 5 алтын, 0 күміс, 5 қола

9. Ресей - 4 алтын, 7 күміс, 9 қола

10. Франция - 3 алтын, 7 күміс, 2 қола

Айта кетейік, дәл бүгінге дейін Олимпиада медаліне қол жеткізген елдер қатары 26-ға жетті. Оның ішінде 21 мемлекеттің қоржынында алтын медаль болса, 23 мемлекетте күміс жүлде бар. Сондай-ақ, Бельгия, Латвия Польша және Эстония елдерінің қоржындарында бір-бір қола медальдан бар.

Өкінішке қарай, Қазақстан қоржыны әзірге бос.


Соңғы жаңалықтар