Бейжің-2022: Бейжіңде тағы бір спортшы допинг күдігіне ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжің қаласында өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында тағы бір споршыдан допинг белгісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық тестілеу агенттігінің (ITA) мәліметтеріне сүйенсек, Бейжің Олимпиадасында украиналық бобслейші Лидия Гуньконың тест қоытындысы оң нәтиже көрсеткен.

Гуньконың допинг тестінен дигидротестостерон (тестостеронның белсендірек түрі) табылған. Тест 14 ақпанда алынған. Нәтижесі 17 ақпанда белгілі болған. Осылайша, спортшы жарыстардан шеттелді.

Бұл украиналық спортшылар арасынан допинг белгілері табылған екінші спортшы. Осыған дейін шаңғымен жүгіруден украиналық Валентина Каминская да Бейжің-2022 Қысқы ойындарынан уақытша шеттетілген болатын. Онда шаңғышының ағзасынан местеролон мен гептаминол табылған.

Бұл орайда айта кетейік, осыған дейін ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваның да басы дауға қалған болатын. Алайда оған жекелей сында өнер көрсетуге жарысқа бір күн қалғанда рұқсат берді. Валиева командалық жарыстан кейін допинг дауына іліккен еді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ирандық тау шаңғышы Хуссейн Савех-Шемшакидің тесті оң нәтиже көрсеткенін жазған болатынбыз. 0.


Соңғы жаңалықтар