Бейжің-2022: Ақмаржан Қалмұрзаева финалдық кезеңнен сүрінді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында Фристайл-акробатикадан Ақмаржан Қалмұрзаева жүлдеге ілікпей қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фристайл-акробатикадан Бейжің Олимпиадасының финалдық кезеңнің бірінші іріктеуінде Ақмаржан 71.23 ұпай жинап, 12 спортшының ішінде 11-орын алды. Осылайша ол 6 спортшы қатысатын ақтық сынға өте алған жоқ.

Финалдық кезеңнің бірінші мүмкіндігінде Қалмұрзаева жаттығу барысында құлап, 52,36 ұпай алды.

Ал екінші жаттығуда отандасымыздың сол аяғы тайып кетіп, трамплинге жетпеді. Алайда ұйымдастырушылар оған тағы бір қосымша мүмкіндік берді. Оны Ақмаржан сәтті пайдалана білді. Өкінішке қарай төрешілер тарапынан төмен ұпай алып, тек 11-орынға табан тіреді.




Фото: olympic.kz


Соңғы жаңалықтар