Бейжің-2022: Ақмаржан Қалмұрзаева Бейжің Олимпиадасының финалына шықты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында бүгін Фристайл-акробатикасынан Ақмаржан Қалмұрзаева финалға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық Ақмаржан Қалмұрзаева екінші іріктеу кезеңінде үздік 12 спортшы бақ сынайтын финалдық кезеңге жолдама алды.

Ақмаржан іріктеу кезеңінде 98.68 ұпай жинап көш бастады.

Өкінішке қарай, команда үздігі Жанбота Алдабергенова екінші іріктеу кезеңінен финалдық сынға өте алмай қалды.

Алдабергенова алғашқы іріктеу сынында 80,56 ұпай жинаған болатын. Өкінішке қарай екінші мүмкіндігінде 68,26 көрсеткішімен финалистер қатарына енбей қалды.

Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.


Соңғы жаңалықтар