Бейжің-2022: 18 ақпандағы қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында ертең, яғни 18 ақпанда қазақстандық атлеттер бір спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтсақ, ертең Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы конькимен жүгіру спортынан сынға түседі.

18 ақпандағы жарыс кестесі:

14:30 Конькимен жүгіру спорты

Ерлер

1000 метр. финал

Дмитрий Морозов, Денис Кузин

Естеріңізге сала кетейік, бұгін әйелдер арасында қазақстандық конькишілер Надежда Морозова мен Екатерина Айдова дәл осындай қашықтықта финалда өнер көрсетті. Нәтижесінде Морозова 11-ші, Айдова 19-шы орын алды.

Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр.

Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.

Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда мәресіне жетеді.


Соңғы жаңалықтар