Бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген Абзал шаңырақ көтерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген оралдық жігіт Абзал Әділов шаңырақ көтерді. Қайырымды жігіт болашақ жарын Түркістан облысынан тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір бүйрегін танымайтын қызға тегін берген Абзал Әділов 2017 жылдан бері әлеуметтік желіде танымал болып кетті.

Қарапайым отбасыдан шыққан оралдық жігіт Түркістан облысының тұрғыны Жәмила Байсерікованың басындағы қиын жағдайды естіп, көмек қолын созуға бел буады. Жігіт науқастан ақша сұрамай, бір бүйрегін беруге келіседі.
Жәмила мен Абзал 2017 жылдың қарашасында бүйрек ауыстыру үшін отаға түскен еді. Бірнеше сағатқа созылған операция сәтті өткен. 5 күннен соң Абзал мен Жәмила және Жәмиланың анасы Құрмангүл Шымкентке кеткен болатын.

Жас жігіт өзінің махаббатын Шымкентте жүріп жолықтырған екен.

«Шымкентте жүргенде әлеуметтік желі арқылы Әйгерім деген қызбен таныстым. Ол өзі менің оқиғамды естіп білген соң маған жазған. 1-2 аптадай сөйлесіп, кездесіп жүрдік. Кейін бір-бірімізді ұнатып қалдық. Мен Әйгерімді Орал жаққа алып кеттім. Ата-анам келін апара жатқанымды естігенде сенбеді. Жарым Әйгерім Ордабасы ауданы, Темірлан ауылының қызы», - деді Абзал Әділов.

Қазір жас отбасы Оралда тұрып жатыр. Айгерім - балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейді. Абзал «КВАНТ» ЖШС-да қызмет етеді.

Шілденің 8-інде Абзал мен Әйгерімнің тойы жоспарланған.  Абзал қуаныш тойына Жәмила мен оның анасын да шақырған.

Алайда, денсаулығының әлсіздігіне байланысты Жәмила мен анасы тойға келе алмайтын болыпты. null 

Соңғы жаңалықтар