+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

2021 жылғы 6 мамыр 01:47
Бөлісіңіз:
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 6 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Дауыл, найзағай, бұршақ: 18 маусымға арналған ауа райы Найзағай, дауыл, бұршақ: 18-19 маусымда елордада күн бұзылады 17 маусымда Қазақстанда күн күркіреп, жаңбыр жауады

Қазақстанның солтүстік аймақтарына циклон жырасы әсер етеді, соған байланысты аздаған жаңбыр күтіледі.

Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Тек батыс пен шығыста антициклон ықпал ететіндіктен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, солтүстігінде тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында қатты дауыл күтіледі, бұршақ болуы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда, түнде Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 жылдамдықпен соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, күндіз Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT