Бейсенбіде күн ашық болады - Қазгидромет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 3 қазан күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронттардың әсерінен батыста жаңбыр жауады. Кей жерлерде республика бойынша тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлеріне тұман түседі, күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күшті жел соғып, күші 15-20 м/с болады.

Атырау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батыс бөлігінде, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар