Бейсенбіде кей аймақтарда бұрқасын соғып, жел тұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 ақпан күні елдің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады, жекелеген аймақтарда жауын-шашын қатты болады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, тұман түсіп, 15-20 м/с күшпен соққан желдің екпіні күндіз 23 м/с жетуі ықтимал.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында түнде 17-22 м/с екпіндегі жел 25 м/с күшеюі мүмкін. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен соққан жел 23-28 м/с күшейеді, облыстың оңтүстік-батысында оның екпіні 30 м/с асады. 

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады, түнде оның екпіні 23 м/с артады.

Түнде Қызылорда облысының кей аумақтарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай  облысының  басым бөлігінде бұрқасын күтіледі, кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.  

Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде  бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының  кей бөліктерінде бұрқасын күтіледі, күндіз басым аумақта 15-20 м/с екпінде жел тұрады, оның жылдамдығы кей жерлерде 25 м/с жетуі ықтимал.

Қарағанды  облысының  жекелеген жерлерінде бұрқасын, тұман  болжанады, күндіз  басым бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады, оның екпіні кей жерлерде  23-28 м/с, 30 м/с-қа артады.

Шығыс Қазақстан облысының  кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар