Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 мамырда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстік-шығыста және ортада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бейсенбіде еліміздің кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, найзағай, шаңды дауыл күтіледі, батыста бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан блыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін.
Қызылорда, күндіз Ақтобе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады.
Алматы облысының жекелеген ауданында жел күшейіп, жылдамдығы 15-23 м/с болады.

Соңғы жаңалықтар