Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 22 °С
Алматы: 29 °С
USD 338.78 EUR 392.82
RUB 5.35 CNY 52.62
Жаңалықтар

Бейсенбіде Қазақстанның көп бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

2018 жылғы 15 наурыз 02:17 1458
Бөлісіңіз:
Бейсенбіде Қазақстанның көп бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 наурызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды Синоптиктердің 18 маусым күнгі ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжауынша, кей жерлерде жауын-шашын түсіп, оңтүстіктің кей жерлерінде қатты нөсер жауады. Тек батыста күн райы ашық болады. Еліміздің басым бөлігінде тұман түсуі мүмкін. Кей жерлерінде көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғып, желдің екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түеді, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20, Жамбыл облысында күндіз желдің екпіні 23 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с-ге жетіп күшеюі ықтимал.

 

 


Басты сөздер: Аймақ, Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат