Бейсенбіде еліміздің көп бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 ақпанда еліміздің басым бөлігінде күн ашық, алайда кей жерлерде таңертең тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

14 ақпанда Қазақстанның басым аумағында антициклон шоғыры ықпалында, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстігінің кей жерлерінде жауын-шашын, оңтүстік-шығысында - қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 20-25, екпіні 30 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар