+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жауын жауады

2017 жылғы 15 маусым 03:36
Бөлісіңіз:
Бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жауын жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 маусымда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде найзағай мен жаңбыр жауады, бұршақ жауы мүмкін. Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарында, күндіз Қарағанды, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында жел 15-20, түнде екпіні 23 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Павлодар облысында, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT