Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде боран соғады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 26 қазан күніне арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты елдің батысында жауын жауып, республиканың солтүстігі мен орталығында және шығысында кей жерлерге қар түседі.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 25 м/с болады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының бірқатар аймақтарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Маңғыстау облысында күндіз күн күркіреп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Ақмола облысында түнде боран соғып, тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облысында да боран соғып, түнде желдің жылдамдығы 15-20 метрге жетіп, таң ата тұман түседі.

Павлодар облысында түнде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының бірқатар аймақтарында тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар